Bugin

Mattel компаниясы ІІ Елизавета патшайым бейнесінде қуыршақ жасап шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Mattel компаниясы Патшайым Елизавета II-нің 70 жылдығына арналған қуыршақтардың жаңа сериясын ұсынды. Бұл туралы Barbie Instagram-дағы ресми аккаунтында жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қуыршақ Елизавета патшайымға ұқсатып жасалған: көк ленталы ақ көйлек киген, пайтшайым орденіне ұқсас медальон әшекей тағылған. Қуыршақтың басында патшайымның үйлену тойында киген тәжіне ұқсас диадема бар.

Қуыршақты қорапта сатып алуға болады. Оның дизайны Букингем сарайының интерьеріне қатысты. Ол бір күн бұрын, яғни 21 сәуір – Королеваның 96 жылдық мерейтойы күні сатылымға шықты.

Елизавета ІІ өзінің туған күнін Норфолктегі Сандрингем үйінде отбасымен бірге атап өтті. Патшайымның туған күніне арналған ресми мереке оның билігінің 70 жылдығына орай жазда өтеді деп күтілуде.